Соңғы 3 күннің ішінде 4 мың 500 Мосулдық лагерлерді паналады

Ирак Қызылайы лауазымдыларының бірі Ияд Рафид Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

647063
Соңғы 3 күннің ішінде 4 мың 500 Мосулдық лагерлерді паналады

Ирактың Мосул қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару операциясы жалғасып жатқанда, 3 күннің ішінде 4 мың 500 адам үйін тастап, лагерлерді паналады.

Ирак Қызылайы лауазымдыларының бірі Ияд Рафид Анадолы агенттігі тілшісіне берген сұхбатында Ирак Көш және миграция министрлігі мен жергілікті және халықаралық жәрдем мекемелеріне қарасты топтардың соңғы 72 сағаттың ішінде Мосулдың солтүстігі мен шығыс аумақтарынан көшіп кеткен 4 мың 500 адамды лагерлерде қарсы алғанын білдірді.

Рафид Ирак армиясы мен министрлік көліктерінің мың 500 босқынның Хазер, 3 мың босқынның да Әл-Джед лагерлеріне апарғанын атап көрсетті.

Ирак армиясы 2014 жылы маусым  айынан бері ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Мосулды құтқару үшін 17 қазан күні АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің қолдауымен операциялар басталған болатын.

Операцияға пешмерге күштері мен көпшілігі Башика лагеріндегі түрік әскерлері жаттықтырған Нинова сарбаздары да қолдау береді.



Ұқсас жаңалықтар