Рафсанджани дүниеден озды

Иранның бұрынғы президенті Али Әкбар Хашеми Рафсанджани қайтыс болды.

646980
Рафсанджани дүниеден озды

Иранның бұрынғы президенті Али Әкбар Хашеми Рафсанджани қайтыс болды.

82 жасында дүниеден озған Рафсанджани 1980 жылдардан бері ел саясатында маңызды рол ойнады.

1989-1997 жылдар арасында президент міндетін атқарған Рафсанджани 2005 жылы Махмут Ахметинежатқа қарсы жалғыз кандидат болып еді.

2013 жылы болса президенттікке кандидатурасын атазаңды орындауға жауапты 12 мүшелі Қорғаушы кеңесі кері қайтарған болатын.

Рафсанджани артынан сайлауда елдің президенті ретінде сайланған Хасан Руханиге қолдау берді.

Ол саяси тұтқындардың еркін жіберілуі және партияларға атазаң аясында еркіндік берілуі керектігін қолдады.

Шын аты Әкбар Хашими Бехремани болып табылатын Рафсанджани қайтыс болмас бұрын Жүйенің тәртібін анықтау кеңесі төрағасы қызметін атқарушы болатын.

Рафсанджанидің өліміне орай елде үш күндік аза жарияланды.

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әли Әкбар Хашими Рафсанджанидің отбасы мен Иран халқына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар