БҰҰ Астанадағы келіссөзге қатысатынын білдірді

Бұл туралы Стаффан де Мистура мәлім етті.

645459
БҰҰ Астанадағы келіссөзге қатысатынын білдірді

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирияда Түркия және Ресейдің кепілгерлігінде іске қосылған бітімге кейбір бұзушылықтарға қарамастан риза екенін айтып,  БҰҰ ретінде Қазақстанның бас қаласы Астанада болатын Сирия бейбіт келіссөздеріне қатысатындарын білдірді.

Халықаралық Сирияға қолдау тобының Гуманитарлық қол жетімділік жұмыс тобының отырысы Женевада болып өтті.

Отырыстан кейін БҰҰ Женева кеңсесінде баспасөзге брифинг берген Мистура Стамбулдағы лаңкестікті айыптап,  түрік халқына және шабуылда қаза тапқан шетел азаматтарының жақындарына көңіл айтты.

Түркия мен Ресейдің атысты тоқтату бітімінің екі кепілгер елі екенін атап көрсеткен Мистура екі елдің Сирия үшін бастаған инициативасына қолдау беру керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар