Сирияда бітімді қамтыған келісімнің мәтіні дайын

Кепіл елдер ретінде Түркия мен Ресей бітімді бұзу механизмі келісіміне де қол қойды.

643865
Сирияда бітімді қамтыған келісімнің мәтіні дайын

Түркия мен Ресейдің кепілдігімен Сирия режимі және оппозиционерлер арасында қол қойылған және ел көлемінде атысты тоқтатуды қамтыған келісім мәтіні толықтырылды.

5 баптан тұратын келісім мәтінінің кіріс бөлімінде тараптардың «Сирия дағдарысының саяси әдіспен шешімінен басқа жол жоқ екені» және саяси өтпелі кезеңнің жылдам түрде басталуына назар аударылған.

Келісімге қарағанда 16 қаңтар күніне дейін тараптар делегация құрамдарын белгілейді және 23 қаңтар күні БҰҰ-ның да қатысуымен Қазақстанның Астана қаласында бас қосады.

Мәтінде тараптар Сирия мемлекетінің егемендігі мен шекара тұтастығын толық құрметтеу ережесімен Сирия халқының мүдделерін қорғайтын, төгілген қанды тоқтатын және Сирия халқын тұтас қамтитын бір мемлекеттік құрылымға тоқталады.

Кепіл елдер ретінде Түркия мен Ресей атысты тоқтату тақырыбында "Бітімді бұзу механизмі" келісіміне қол қойды.

Осыған қарағанда Түркия мен Ресей атысты тоқтатуды бұзу тапшылықтарымен байланысты шағым және анықтаулар үшін ортақ комиссия құрады.

Анкара мен Мәскеуде құрылатын кеңселер арасында тікелей байланыс орнатылады. Ортақ комиссия Сирияда тараптардың бітімге бағынып, бағынбағанын бақылауға алып рапорттарын дайындайды.

Атысты тоқтату бұзылған жағдайда кепілдік жасаушы елдер тараптарға санкциялар жасай алады.

Түркия мен Ресейдің кепілдігінде Сирияда қамтамасыз етілген атысты тоқтату бітімі 30 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 00:00-ден (Түркия уақытымен 01:00) бастап іске қосылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар