Бейбіт азаматтарды өлтірді

Әл-Бабтан қашуға тырысқан кемінде отыз адам террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылында қаза тапты.

637858
Бейбіт азаматтарды өлтірді

Сирияның солтүстігіндегі Әл-Бабтан қашуға тырысқан кемінде отыз адам террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылында қаза тапты.

Түрік Қарулы күштерінің хабарламасына қарағанда,  Әл-Бабтан қашуға тырысқан бейбіт халық кеше ДАИШ-тің шабуылында қаза тапты. Террорлық ұйым шабуылды мина және қолдан жасалған жарылғыштармен жасады.

Сонымен қатар Түркияның басшылығында 24 тамыз күні басталған «Евфрат қалқаны» операциясында ДАИШ-тің 113 нысаны атқыланды. Террористтер қолданған баспаналар,  қорғаныс бекіністері,  қару мен құралдары қолданылмайтын жағдайға келді.

ДАИШ-тен тазаланған аймақтарда 74 дана қолдан жасалған жарылғыш жойылды.



Ұқсас жаңалықтар