Берлинде қаза тапқандар саны артты

Жаралылардың кейбірінің жағдайының ауыр екені хабарланды.

634107
Берлинде қаза тапқандар саны артты
berlin’de kamyon noel pazarına daldı.jpg

Германияның бас қаласы Берлинде бір жүк көлігі қалың адамның үстіне қарай жүрді. Оқиғада 12 адам қаза тапты.  48 адам жарақат алды.  Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Аталмыш жүк көлігінің Польшада бір құрылыс алаңынан ұрлап айдап әкелінген болуы мүмкін екені айтылуда. Тақырыпқа байланысты тергеу жүргізілуде. Жүк көлігінің ішінде өлі күйінде табылған адамның Польша азаматы екені білдірілді.

Полиция алғашында оқиғаны террор шабуылы деп есептеді.

Ішкі істер министрі болса оқиғаның жоспары мен мақсаты жқнінде анық мәлімет жоқтығын хабарлады.

Германия президенті Йоахим Гаук та жазбаша мәлімдеме жариялап,  оқиға жөнінде көп нәрсенің белгісіз екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар