АҚШ қарсы шықты

Қастандықтың артында АҚШ-ты паналаған Фетуллах Гүлен бар екені жөніндегі сөздерге жауап берді.

634139
АҚШ қарсы шықты

Америка Құрама Штаттары «Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карловқа қастандықтың артында АҚШ-ты паналаған Фетуллахшы террор ұйымының басшысы Фетуллах Гүлен бар екені» жөніндегі сөздерге жауап берді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кирби Карлов қастандығына байланысты баспасөзге брифинг берді.

Кирбиге «Еліңіздің немесе еліңіз паналатып отырған Гүленнің қастандықтың бір бөлшегі екені жөнінде уайымыңыз бар ма? Бұған дайынсыз ба?» деп сұрақ сұралды.

Осы сөздерге жауап берген Кирби: «Әлі тергеу бітпей жатып,  ерте баға беру ешкімге пайда әпермейді» деді.

Американдық лауазым иесі Түркиядағы билікке әрқашан көмек беріп отырғандарын атап айтты. Осындай қастандықтарға қатысы бар деген сөздерге қарсы шықты.



Ұқсас жаңалықтар