ДАИШ Мосулда бомба тиелген көлікпен шабуылдады

Мосылдың Әл-Бекир аумағына жасалған шабуылда 21 адам қаза тапты.

625253
ДАИШ Мосулда бомба тиелген көлікпен шабуылдады

ДАИШ террор ұйымы Мосул қаласының батысындағы Әл-Бекир аумағына бомбалы шабуыл жасады. Шабуылда 21 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 35 адам да жарақат алды.

ДАИШ Мосулда кері шегінген аймақтарға бомба тиелген көлік шабуылдарын арттырды.

Қазірге дейін осы әдіспен жасалған шабуылдарда қаза тапқандар санының 650 адамнан асқаны білдірілді.

Ирак армиясы болса кеше қаланың оңтүстігіне жаңа бір операция бастады.

Әл-Селам аумағындағы аурухана ғимараты Ирак күштерінің бақылауына өтті.

ДАИШ-тік мергендердің мұнаралардан Ирак әскерлерін нысанаға алғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар