Жерорта теңізінде 16 адамның мәйіті табылды

Жерорта теңізде соңғы 48 сағатта 16 адамның   мәйіті табылды.

624354
Жерорта теңізінде 16 адамның мәйіті табылды

Италия жағажай қауіпсіздік бөлімшелері Жерорта теңізде соңғы 48 сағатта 16 адамның мәйітін тапты және  1300 адамды құтқарды.

Жерорта теңізінде босқын трагедиясы үндіксіз жалғасуда. Ливия сынды елдерден босқындар тағы да жаңа үмітпен Жерорта теңізіне қарай беталды. Босқындар үлкен трагедияға душар болды.

Италия жағажай қауіпсіздік бөлімшелері дереу аттанысқа кірісті.    Құтқару топтары талпыныс көрсетуде. Италия жағажай қауіпсіздік бөлімшелері және дәрігер ұйымының құтқару кемелері күндіз-түні демей жұмыс істеуде. Құтқару кемелері тағы заңсыз босқындарды тасымалдаған кемені құтқаруға тырысты. Алайда осы жолы аяз босқындардың ажалы болды. Италия жағажай қауіпсіздік бөлімшелері Жерорта теңізінде 16 адамның мәйітін тапты және  1300 адамды құтқарды.   

Біріккен Ұлттар Ұйымы биыл ішінде кем дегенде 4 мың 700 адамның Жерорта теңізінен өтуге тырысқан кезде жоғалып кеткенін мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар