Ердоғанның шақыруын Тегеран әкімшілігі қолдады

Президент Ердоғанның ұлттық валютамен сауда жасау ұсынысына Иран болымды жауап қайтарды.

624361
Ердоғанның шақыруын Тегеран әкімшілігі қолдады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ долларының орнына ұлттық валюталармен саудаласу жайлы шақыруына Тегеран әкімшілігі болымды жауап қайтарды.

Иран сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми «Түркияның шақыруы қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді бір жоспар болса онда өте орынды бір шақыру. Түркия бұл тақырыпта шынайы болса ынтымақтастық жасаймыз» деді.

Касыми жеткілікті экономикалық күшке ие мемлекеттердің ұлттық валюталары арқылы сауда жасау ұсынысын болымды қарсы алғандарын білдірді.

Касыми «Экономикасы мықты мемлекеттер әсіресе жаңа күштер ұлттық валютамен араларында механизмдер құрып, осылайша кейде валюталарға ықпал еткен себептер жойылар» деді.

Ердоғанның Қытай және Ресеймен де сауда саласында ұлттық валюта қолдану шақыруы жасағанын еске салған Касыми «Осындай бір алқа құрылып жетілдірген жағдайда, үлкен бір реформа болар еді. Әрине бұл жеңіл жұмыс емес, мықты тұрақтылық пен шынайылықты қажет қылады. Жұмысты бастап нәтиже алу үшін ауқымды бір ынтымақтастық қажетті. Бұл мәселені ойлау сатысынан іске қосу сатысына айналдыратын болса, жетістіктері көп болады деп ойлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар