Халебте 7 күндік атысты тоқтату шешімі дауысқа салынады

Халебке гуманитарлық жәрдем жеткізу үшін 7 күндік атысты тоқтату талап етіледі.

623758
Халебте 7 күндік атысты тоқтату шешімі дауысқа салынады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Сирияның Халеб қаласына гуманитарлық жәрдем жеткізу үшін қақтығыстарға 7 күндік үзіліс талап етілген резолюция жобасы бекітіледі.

Сирия режимі мен Ресейдің артып отырған әуе шабуылдарында көптеген жазықсыз адамның қаза табуы және БҰҰ-ның «Халебті азық-түліксіз қала» ретінде жариялауының артынан Испания, Мысыр және Жаңа Зеландия резолюция жобасы дайындап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынды.

Жаңа Зеландияның БҰҰ өкілеттігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Халебке гуманитарлық жәрдем жеткізу үшін қақтығыстарды 7 күнге тоқтатуды мақсат еткен резолюция жобасына бүгін дауыс беріледі.

Алдында 10 күндік талап етілген атысты тоқтату резолюция жобасының 7 күнге қысқартылғаны білдірілді.

Шешімнің бекітіліп бекітілмейтіні Асад режимінің одақтасы және кеңесте вето құқы бар Ресейдің ұстанымына байланысты.

Ресей 2011 жылдан бері Сирия тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесінің 5 резолюция жобасын вето еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар