ПКК Германияда түріктердің мекемелеріне шабуылдады

Гамбург және Шлезвиг-Гольштейн қалаларында террористтер азаматтық қоғам мекемелері мен мешіттерге шабуылдады.

622156
ПКК Германияда түріктердің мекемелеріне шабуылдады

ПКК жақтаушылары Германияның Гамбург және Шлезвиг-Гольштейн қалаларында түріктердің жұмыс орындары, азаматтық қоғам мекемелерінің ғимараттары мен мешіттеріне шабуылдады.

ПКК террор ұйымы жақтастары Гамбургтағы Түрік Мәдениет Орталығы, түрік тілде жарияланған бір газет, FC Түркия спорт клубы және Квикборн қаласында Дін істері Түрік-Ислам одағына (DİTİB) қарасты Али Паша мешітіне бояу және молотоф бомбасымен шабуылдады.

Шабуыл себепті аталмыш мекемелердің ғимараттарына зиян келді.

Террор ұйымы жақтаушылары «FC Түркия спорт клубы» ғимаратына шабуыл кезінде түсірген бейне таспаны интернет арқылы жариялап, шабуылды мойындады.

Клубтың лауазымдыларының бірі Доған Инам оқиғаның егжей-тегжейлі зерттелуін талап етті.

Еуропа Түрік конфедерациясының басшысы Джемал Четин террористтердің қандай ауру адамдар екеніне назар аударып шабуылдарды айыптады.



Ұқсас жаңалықтар