Ауғанстанды Еуропамен байланыстыратын темір жолы желісі ашылады

Ауғанстанды Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Грузия арқылы Еуропаға байланыстыратын теміржолы 28 қараша күні ашылады.

615484
Ауғанстанды Еуропамен байланыстыратын темір жолы желісі ашылады

Ауғанстанның солтүстігіндегі Фаряб уәлаятының Андхой ауданынан басталатын темір жолы желісінің елдің экономикалық өркендеуіне маңызды үлес қосуы күтіледі.

Фаряб губернаторы Саид Анвар Садат бұл жобамен Ауғанстанның халықаралық және аймақтық экономикаға қосылуын нысанаға алғандарын атап, «Осылайша әрі ішкі нарығымыз көтеріледі, әрі экономикамыз өседі» деді.

Іскер Хаджы Мұстафа Құл да «Теміржолының ашылуы импорт және экспортымызды жеңілдетеді. Пәкістан арқылы өте қиын шарттарда жоғары шығындармен тауарларымызды Еуроодақ елдеріне жіберетін едік. Енді әрі арзан, әрі қысқа мерзімде тауарларымызды бұл елдерге жібере аламыз» деді.

Теңізге байланысы жоқ Ауғанстанның қазіргі таңда тек қана Өзбекстан арқылы өтетін жалғыз темір жолы желісіне қосыла алады.



Ұқсас жаңалықтар