АҚШ Кабулда шиіт мешітіне жасалған жанкешті шабуылды айыптады

Ақ Үй әкімшілігі жасаған мәлімдемеде шабуылдың мәзхабтық қақтығыстарды арттыруды мақсат еткенін атап көрсетті.

615413
АҚШ Кабулда шиіт мешітіне жасалған жанкешті шабуылды айыптады

АҚШ Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Бакирил Улум мешітіне бағытталған шабуылды қатаң түрде айыптағанын жариялады.

Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда опасыз шабуылдың «ашық түрде елде мәзхабтық қақтығыстардың қызуын арттыруды» мақсат еткенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде одан тұрақты, тыныш және бейбіт бір Ауғанстанның құрылымында АҚШ пен халықаралық партнерлердің ауған халқы және үкіметімен жұмыстануға бағытталған уәдесін жалғастырғаны атап көрсетілді.

Ауған лауазымдылар Кабулда Хазара шиіттері барған Бакирил Улум мешітіне жасалған жанкешті шабуылда 30 адамның қаза тапқанын, шамамен 80 адамның жарақат алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар