БҰҰ Сириядағы Химиялық қаруды бақылау қызметінің мерзімін созды

АҚШ дайындаған заң жобасы Қауіпсіздік кеңесінде дауыс көпшілігімен қабылданды.

613317
БҰҰ Сириядағы Химиялық қаруды бақылау қызметінің мерзімін созды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияда химиялық қару қолданған тараптарды анықтау үшін БҰҰ және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (OPCW) құрған қызмет тобының міндет мерзім тағы 1 жылға созуға шешім қабылдады.

Міндет мерзімі бүгін аяқталатын қызметтің жұмыстарын жалғастыруы үшін мерзімді ұзарту жайлы АҚШ тарапынан дайындалған заң жобасы Қауіпсіздік кеңесінде дауыс көпшілігімен қабылданды.

Шешімде химиялық қару қолданған барлық тұлға, мекеме, топ немесе үкіметтердің бұл шабуылдарға жауапты болу керектігі атап көрсетілді.

Қызмет 1 жылдық міндет мерзімі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан тексерілуі талап етілген химиялық қару шабуылдарын тергеп, үш оқиғада Сирия режимінің бір оқиғада террор ұйымы ДАИШ-тің химиялық қару қолданғаны анықталған болатын.

Ресей болса қызметтің рапортының дау-дамайлы екенін алға тартып, режимнің химиялық қару қолданғанын көрсететін жеткілікті дәлел жоқ екенін алға тартқан болатын.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым болса рапорттың артынан Сирияда химиялық қару қолданған Асад режимін тұңғыш рет айыптаған болатын.

Адам құқықтары бақылау ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирияда химиялық қару қолданысына рұқсат берген жоғары деңгейдегі лауазымдыларды қарсы санкция жасауға шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар