Еуроодақ пен АҚШ байланысы қолға алынды

Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері Брюссельдегі бейресми жиналыста бас қосты.

610206
Еуроодақ пен АҚШ байланысы қолға алынды

Еуропа Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынастардың болашағы Бельгияның астанасы Брюссельде қолға алынды.

Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері Брюссельдегі бейресми жиналыста бас қосты.

Еуроодақ Дональд Трамп басшылығындағы жаңа АҚШ әкімшілігі жөнінде ортақ бір тұғыр белгілеуге тырысуда.

Франция, Венгрия және Еуроодақтан бөліну шешімін жасаған Ұлыбританияның сыртқы істер министрлері жиналысқа қатысқан жоқ.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон жиналыстың керексіз екенін айтты.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро болса Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы болып сайланған Антаниу Гутеррешпен кездесу үшін Брюссельге бармады.

Трамптың жеңісіне болымды қараған Еуроодақ мүшесі Венгрия да Сыртқы істер министрін жиналысқа жіберген жоқ.

 Жиналыс аяғында Еуропа Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини мәлімдеме жасады.

Могерини Еуропа Одағы мүшелерінің Америка Құрама Штаттарымен болған қарым-қатынастарды жалғастыру жөнінде келіскенін білдірді.

Могерини Еуропа Одағы мен АҚШ-тың одақтас екенін, ортақ құндылықтар және мүдделер негізінде байланыстардың жалғасатынын баяндады.

Федерика Могерини климат өзгерісі, Иранмен жасалған атомдық келісімдердің болашағы және сауда тақырыптардың өздері үшін маңызды екенін де атап өтті. 



Ұқсас жаңалықтар