Пешмерга күштері Башика аудан орталығына операция бастады

Мосулдың Башика аудан орталығын ДАИШ-тен құтқару үшін операция бастады.

605044
Пешмерга күштері Башика аудан орталығына операция бастады

Иракта Пешмерга күштері Мосулдың Башика аудан орталығын ДАИШ-тен құтқару үшін операция бастады.

Пешмерга күштері Мосулдың қала орталығына 20 шақырым қашықтықтағы Башика ауданына кіру үшін бүгін азанда қозғалды.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі төрағасы Месут Барзани қолбасшылық жасаған сауытты арнайы жасақтары (Зеравани) үш қолдан ДАИШ-ке шабуылдады. Башиканың орталығында туннельдер мен үйлерге жасырынған ДАИШ-ке мүше кем дегенде 100 террорист бар екені атап көрсетілді.

Барзани операция алдында Зердык тауында өткізген баспасөз жиналысында Башиканың қоршауға алынғанын және әскери тұрғыдан әлсірегенін атап көрсеткен болатын.

Пешмерга күштері көбінесе Христиан мен Йезидтер өмір сүрген Башиканы 23 қазан күні қоршауға алған болатын.

Мосулды ДАИШ террор ұйымынан құтқару үшін Ирак армиясы, Пешмерга күштері және көпшілігін Башика лагерінде түрік әскері жаттықтырған Нинова жасақтары 17 қазан күні операция бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар