Интерпол жиналысы басталды

Түркия Интерпол жиналысында Фетуллахшы террор ұйымын түсіндіреді.

605133
Интерпол жиналысы басталды

Түркия Интерпол жиналысында Фетуллахшы террор ұйымын түсіндіреді.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының 85-ші жиналысы Индонезияның Бали аралында басталды.

Биылғы жылдың тақырыбы «Терроризммен күрес».  Жиналысқа 167 елдің 1360 делегаты қатысып отыр.

Түрік интерполы Палестина мен Косовоның мүшелігіне қолдау көрсетеді.

Жиналыста Интерпол кезекті басшылығының сайлауы да өтеді. Басшылық үшін Қытай Халық Республикасынан Мемлекеттік қауіпсіздік төрағасының орынбасары мен Намибиядан генерал жарысады.

Түрік делегациясы жиналыс аясында өткізілетін панельде террор ұйымдары PKK, YPG және Фетуллахшы террор ұйымына қарсы Түркияның ұстанымын түсіндіреді.  Түрік лауазым иелері сонымен бірге көптеген елдің делегаттарымен кездесулер өткізеді.

Аралда 10 қараша күні аяқталатын жиналыс бойынша 3800 полиция қызметкері міндет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар