Асад армиясы бала бақшаға шабуыл жасады

Зеңбірек шабуылында 8 бала көз жұмды, 15 бала да жарақат алды.

605136
Асад армиясы бала бақшаға шабуыл жасады
suriye çocuklar.jpg

Сирияның астанасы Дамаскіде Асад режимінің бір бала бақшаға жасаған зеңбірек шабуылында 8 бала көз жұмды, 15 бала да жарақат алды.

Режимге тән зеңбірек жасақтары Дамаскіде оппозиционерлердің бақылауындағы Харестан аймағында «Бунет Әл-Мүстакбел» атты бала бақшасын бомбалады.

Бомбалауда жараланған балалар аймақтағы ауруханаларда емделіп жатыр.

Орыс ұшақтарының Халебтің батысындағы Урум аймағында елді мекендерді бомбалауы кесірінен 3 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

Сирия армиясына тән соғыс ұшақтары да астананың Хамурие ауданын бомбалады.

       

 

 


Этикеттер: #Сирия , #Асад , #Дамаск

Ұқсас жаңалықтар