Кипр келіссөздерінде жаңа бір үміт

Эйде Кипр келіссөздерінің осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкіндігін айтты.

602237
Кипр келіссөздерінде жаңа бір үміт

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Кипр арнайы ақылшысы Эслен Барт Эйде Кипр келіссөздерінің осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкіндігін айтты.

Эйде кеше ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Понти әкімшілігі арасындағы келіссөздерде аралдың қайтадан бірлесуіне бағытталған бір келісімнің әрқашанғы уақыттан тіпті жақын болғанын білдірді.

Эйде келіссөздердің территория алмауына шоғырланатынын, алайда кең көлемді бір келісім арқылы аяқталатындай маңызды бір кездесу болмайтынын баяндады. Эслен Барт Эйде «Бұдан бұрын жеткен түйіндерден оздық. Бұдан бұрынғы Кипр кездесулердің ешбірі қазіргі деңгейге жетпеген еді» деді.

Екі жақтың лидерлері 7-11 қараша күндері аралығында Швейцарияда бас қосады. Кездесуге Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пун Ги Мун да қатысады.

 



Ұқсас жаңалықтар