БҰҰ-ның гуманитарлық жәрдемдерді жеткізуіне рұқсат берілмеді

БҰҰ Мьянма үкіметінің Араканға жіберілген жәрдемдердің аймаққа кіруіне рұқсат бермегенін жариялады.

602758
БҰҰ-ның гуманитарлық жәрдемдерді жеткізуіне рұқсат берілмеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Мьянма үкіметінің Аракан (Ракхайн) аймағындағы ұстанымы себепті 150 мың адамға жәрдемдердің жеткізіле алмағанын атап, аймаққа кіруге рұқсат берілуін талап етті.

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстар координация офисінен (OCHA) жасалған мәлімдемеде БҰҰ делегациясының Арақанда қақтығыстар болып жатқан аймақтарда екі күндік бақылау жүргізілгені атап көрсетілді.

Аймақтағы қақтығыстар себепті гуманитарлық жәрдемдердің 9 қазан күнінен бері аймаққа кірісіне рұқсат берілмегені атап көрсетілген мәлімдемеде 3 мыңнан астам балаға да «жеткіліксіз коректену» диагнозы қойылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде БҰҰ-ның аймаққа кедергісіз кіруі үшін рұқсат талап етіліп, қажеттіліктерді аймақта анықтау арқылы гуманитарлық жәрдем мен медициналық қолдаудың мұқтаждарға жеткізіле алатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар