Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы қақтығыс

Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы қақтығыста 14 адам қаза тапты

601722
Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы қақтығыс

Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы қақтығыста 14 адам қаза тапты, 26 адам жарақат алды.

Үндістан Пәкістан тарапынан атылған оқтың кесірінен 8 адамның мерт болғанын, көптеген адамның жарақат алғанын білдірді.

Пәкістан да Үндістан тарапынан атылған оқтың салдарынан 6 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Пәкістанның кейбір азаматтық ұйымдары өкілдері  Исламабадтағы Үндістан елшілігі алдына жиналып, шабуылға наразылық көрсетті.

Үндістан мен Пәкістан арасында шекара дағдарысы қыркүйек айында Үндістанға кірген қарулы бір топтың 19 Үндістан әскерін өлтіруімен ушыққан болатын.

Мамандар шекарада болған осы оқиғалардың ұлғайып, екі елді атомдық соғысқа апарып соғатынынан алаңдауда.

 



Ұқсас жаңалықтар