Ливия көмекке мұқтаж

Әлемдік Банк Ливияға гуманитарлық көмек керектігін білдірді.

600029
Ливия көмекке мұқтаж

Әлемдік Банк Ливияға гуманитарлық көмек керектігін білдірді.

Банк «Ливия тұрғын санының үштен бірінің көмекке мұқтаж екенін» айтып ескертті.

Ливия  ақпарат агенттігі LANA-да жарияланған Әлемдік Банк есебінде мұнай бағаның төмендеуі,  өндірістің тоқтауы және жалғасып жатқан қантөгістер салдарынан Ливия халқының көпшілігінің кедейлікке ұшырағаны айтылды. 2,4 миллион адамның гуманитарлық көмекке мұқтаж екені атап көрсетілді.

Әлемдік Банк есебінде жұмыссыздық көрсеткішінің артқаны,  бұған да қазіргі тұрақсыздықтың әсер еткені айтылды.

Африкадағы ең көп мұнай резервіне ие ел деп қабылданған Ливияда мұнайдан түсетін табыс мемлекет қазынасының 95 пайызын қалыптастырады.



Ұқсас жаңалықтар