Сирияда режимнің соғыс ұшақтары Кефр Техарим ауданына шабуылдады

Әуе шабуылында 5 адам қаза тапты, 21 адам үйінділер астында қалды.

595990
Сирияда режимнің соғыс ұшақтары Кефр Техарим ауданына шабуылдады

Сирия армиясына тиесілі бір соғыс ұшағының Идлибтің солтүстік батысындағы Кефр Техарим ауданына жасаған шабуылында 5 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

Азаматтық қорғаныс лауазымдыларының мәлімдемесіне қарағанда әуе шабуылында нысанаға алынған ғимараттардың үйінділері астындағы 21 адамды іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

Шабуылда жарақат алған көптеген адамның аудандағы жылжымалы ауруханаларға жеткізілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар