Түрік азаматы неміс полициясының қолынан қаза тапты

Түрік азаматының қайтыс болуы себебіне байланысты сот медицинасының анықтамасы күтілуде.

595633
Түрік азаматы неміс полициясының қолынан қаза тапты

Германияның Билефельд қаласында түрік азаматы Танер Демирчиви полицияның қолынан қаза тапты.

Неміс баспасөзінің хабарына қарағанда,  алдынғы күні болған оқиғада Танер Демирчиви бір мезгіл бұрын бөлек кеткен жұбайының үйіне барып,  екеуі сөзге келіп қалды.

Айқай-шудан мазасызданған көршілері шағымданған соң үйге полиция келді.  Полиция қызметкерлеріне есікті ашқан Танер Демирчиви «бәрі ойдағыдай» екенін айтып,  полициядан кетуін сұраған.

Алайда полиция кетпегендіктен Демирчивт есікті жабуға тырысты.  Арада төбелес шықты. Полиция қызметкерлерінің бірі түрік азаматына жұдырықпен салып қалды.  Екіншісі де көз жасаурататын газ спрей шашты.

Полиция қызметкерлері қолы мен аяғын кісендеп сыртқа алып шыққан Танер Демирчиви сол сәтте қайтыс болды.

Енді түрік азаматының қайтыс болуы себебіне байланысты сот медицинасының анықтамасы күтілуде.

Танер Демирчивидің бөлек тұратын жұбайы полиция қызметкерлерінің үстінен шағым жазды.



Ұқсас жаңалықтар