Катардың бұрынғы әмірі қайтыс болды

Халифа бин Хамад Әл Санидің қайтыс болуына орай елде үш күндік аза жарияланды.

595531
Катардың бұрынғы әмірі қайтыс болды

Катардың бұрынғы әмірі,  қазіргі әмір Шейх Тамимнің атасы Халифа бин Хамад Әл Сани 84 жасында дүниеден өтті.

Халифа бин Хамад Әл Санидің қайтыс болуына орай елде үш күндік аза жарияланды.

1932 жылы туылған Халифа бин Хамад 1960 жылы тақты мұрагері деп жарияланды. Катар тәуелсіздік алғаннан 5 айдан кейін 1972 жылы ағасынан тақты қабылдап алды.

Халифа бин Хамад кезінде көптеген әкімшілік реформалары жүзеге асты. Шетелдік энергия компанияларымен келісімдер де елдің табысын арттырды.

Халифаны 1995 жылы баласы Хамад бин Халифа қансыз сарай төңкерісімен тақтан түсірді.

9 жыл шетелде өмір сүрген Халифа бин Хамад баласымен татуласып, 2004 жылы еліне оралған болатын.



Ұқсас жаңалықтар