Операцияда Түркияның қолдауы өте маңызды

Вотел «Түркияның қолдауын алмай қазір Сирияда ешнәрсе жасай алмаймыз» деді.

593373
Операцияда Түркияның қолдауы өте маңызды

Америка Құрама Штаттары орталық күштер қолбасшысы CENTCOM генерал Джосеф Вотел Түркияның террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жүргізген кампанияда төтенше жағдайдың маңыздылығын аңғарғанын білдіріп, «Түркияның қолдауын алмай қазір Сирияда ешнәрсе жасай алмаймыз» деді.

Америка Құрама Штаттарының Орташығыстағы операцияларын жүргізген CENTCOM-ның қолбасшысы Джосеф Вотел ой-пікір ұйымы «Америка ілгерілеу орталығында» Түркияның бүгінге дейін террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жасаған күреске болымды үлес қосқанына назар аударып, «НАТО одақтасымыз болған Түркия осы кампания үшін өте маңызды болып табылады. Түркияның қолдауы болмай, қазір Сирияға ешнәрсе жасай алмаймыз. Түркияның қолдауы өте маңызды» деген сөздер қолданды.

Мосулдың ДАИШ-тен азат ету операциясына да тоқталған Джосеф Вотел операцияның ойдағыдай ілгерілегенін білдірді.

Генерал Воттел операцияның қашан аяқталатыны жөнінде қазір белгілі бір уақыт берудің қиын екенін айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар