Канадада мешітке шабуыл жасады

Калгаридің батысында кеше Ranchlands мешітінің терезелерін сындырып кетті.

590950
Канадада мешітке шабуыл жасады

Канаданың Альберта провинциясына қарасты Калгари қаласында мұсылмандардың ғибадат орындарын шабуыл жалғасуда.

Калгаридің батысында кеше Ranchlands мешітінің терезелерін сындырып кетті.

Бұл туралы Солтүстік батыс Калгари Ислам қоғамының Ranchlands мешіті басшылары мәлім етті.  Жазбаша мәлімдемеде шабуылды таң намазы үшін мешітке келген имам мен жамағаттың көргені айтылды.

Солтүстік батыс Калгари Ислам қоғамының басшысы Др. Абдул Рахман: «ауданымыздағы көршілерімізбен татумыз.  Қазірге дейін шабуылға себеп болатын ешбір жағымсыз оқиға болған емес. Басқа мәдениет пен діннің азаматтарына есігіміз әрқашан ашық болды.  Осындай ғибадат орындарына жасалған шабуылдарды айыптаймыз» деді.

Оңтүстік Калгари Ислам орталығы мешітіне өткен апта шабуыл жасағандар бір Құранды өртеп,  жек көретіндерін білдірген хат жазып тастап кеткен болатын.

Осы арада Калгари Университетінің орталық ғимаратына Ислам мен Құранға және Әзірет пайғамбарға балағат сөздер жазылған плакаттар ілінген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар