Соғыс ұшақтары Йеменде қырғын жасады

БҰҰ алғашқы мағлұматтарға қарағанда 140-тан астам адамның қаза тауып, 500-ден астам адамның жарақат алғанын жариялады.

585840
Соғыс ұшақтары Йеменде қырғын жасады

Йеменнің астанасы Санада хоусит жақтаушысы жоғары мәртебелі лауазымдылар қатысқан көңіл айту рәсімі өткен ғимаратқа екі әуе шабуылы жасалды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы әуе шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 140-тан астам адамның қаза тапқанын, 500-ден астам адамның жарақат алғанын жариялады.

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстарға жауапты Бас хатшы орынбасары және төтенше жағдайлар координаторы Стивен O'Брайен жасаған жазбаша мәлімдемеде Йемендегі әуе шабуылында жазықсыз адамдардың қаза табуының қорқынышты екенін білдірді.

Шабуылдың мыңдаған адам көңіл айтуға келген бір кезде жасалғанын атап айтқан O'Брайен «Бұл қорқынышты және жиренішті шабуыл адам өмірінің құнсыз екенін көрсетеді» деді.

O'Брайен халықаралық заңдардың ашық екенін, соғысқан тараптың жазықсыз адамдар мен әскери нысаналарды бір-бірінен айыру керектігін атап көрсетті.

Хоуситтерге тиесілі Әл-Месира телеарнасының хабарына қарағанда хоуситтермен төңкерілген басшы Али Абдуллах Салихтің бақылауындағы Санада хоуситтерді жақтаған Ішкі істер министрі Джелал эр-Рувейшаның әкесінің көңіл айту рәсіміне жасалған шабуылдардың Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері тарапынан жасалғаны алға тартылған болатын.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (NSC) мәлімдемешісі Нэд Прайс болса әуе шабуылын айыптап тараптарды қақтығыстардың тоқтату келісіміне бағынуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар