18 жасқа толғандарға сыйлық

Еуропа Одағы жастарға сыйлық беруге дайындалып жатыр.

584729
18 жасқа толғандарға сыйлық

Еуропа Одағы мүше елдерде 18 жасқа толған жастарға сыйлық беруге дайындалып жатыр.

Ағылшын «The Guardian» газеті Еуроодақтың 18 жасқа толған азаматтарына туған күн сыйлығы ретінде Шенген аймағында жарамды пойыз билетін беретінін хабарлады.

Жобаны Еуропалық парламентарлар да қолдап отыр. Бұл жоба Еуроодақ ішіндегі бірлік сезімін нығайтады деп есептеледі.

Шенген аймағында пойызды шектеусіз қолдану мүмкіндігін беретін «İnterrail» билеттерінің бір айлық шығыны 479 евро.



Ұқсас жаңалықтар