Сирияда қанды қырғынның тоқтайтын түрі жоқ

Режим күштері мен орыс жасақтары шабуылдарын жалғастыруда.

581744
Сирияда қанды қырғынның тоқтайтын түрі жоқ

Сирияда Башар Асадқа тән жасақтар орыс реактивті ұшақтарының қолдауымен Лазкиедегі Жебел Экрад аймағына шабуыл ұйымдастырды.

Жергілікті қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Асад режимінің зеңбірек жасақтары және орыс реактивті ұшақтары Лазкие аймағында оппозиционерлердің бақылауындағы түйіндерге шабуыл жасай бастаған.

Киббани және Әл-Хыдыр ауылдары нысанаға алынған шабуылдарда жарақаттар бар.

Режим күштері Түрікмендағы және Чисруш Шугур ауданында билігін жүргізу мақсатымен стратегиялық маңызға ие аймаққа соңғы 10 күнде бірнеше мәрте операция жасаған еді. Шабуылдарға оппозиционерлер тойтарыс берген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар