Ауғанстанда жарылыс

Жарылыста жеті адам қаза тапты.

581138
Ауғанстанда жарылыс

Ауғанстанның Хелманд уәлаятындағы бомбалы шабуылда жеті адам қаза тапты.

Хелманд акиматының баспасөз хатшысы Өмер Зувак Анадолы агенттігінің тілшісіне жасаған мәлімдемесінде Хелмандтың орталық Лашкаргах қаласы маңындағы Болан аймағында жол шетіне орналастырылған бомбаның азаматтар мінген көлік өтіп бара жатқанда жарылғанын білдірді.

Жарылыста қаза тапқандардың төртеуі бала. Екі адам ауыр жарақат алды.

Зувак аймаққа бомбаны Талибанның орналастырғанын алға тартты.

Талибан болса әлі мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар