Үш адамның ДНҚ-сы бар сәби

Сәбидің денсаулығы жақсы екені хабарланды.

578922
Үш адамның ДНҚ-сы бар сәби

Америка Құрама Штаттарынан бір топ ғалым тарапынан бірінші рет сыналған әдіспен 6 сәуір күні Мексикада дүниеге келген сәбидің денсаулығының жақсы екені білдірілді. Сәбидің ерекшелігі – оның организмінде үш адамның ДНҚ-сы болуы.

Нью-Йорк Жаңа үміт орталығынан др. Джон Занг басшылығындағы бір топ сирек кездесетін ауруы бар бір ананың жұмыртқасына медициналық әдіспен операция жасады.

Мамандар ананың жұмыртқаларынан шығарылған бірқатар ДНҚ орнына жаңа донордан алынған денің сау ДНҚ орналастырды.  Осылайша адамды өлімге дейін алып баратын генетикалық ауруы бар ананың жатырында нәресте еш проблемасын өсіп жетілді.

Әлемде талас болған әдіспен бірінші рет үш адамның ДНҚ-сымен дүниеге келген Иорданиялық ерлі-зайыптылардың баласына анасының ауруы жұқпаған.

Операцияның қай ауруханада болғаны хабарланған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар