БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тағы бір рет жиналды

Пан қақтығыстардың соғыс қылмысы шегіне жеткені жөнінде ескерту жасады.

577241
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тағы бір рет жиналды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Сирия дағдарысын талқылау үшін тағы бір рет кезектен тыс жиналды.

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Францияның үндеуімен өткізілген жиналыста Батыс елдері Ресейді Халебте соғыс қылмысын істеуі және Асад режиміне жәрдем берумен айыптады.

Жиналыста баяндама жасаған БҰҰ-ның Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирия режимінің тек жақты ретінде атыс тоқтату келісімінің аяқталғанын жариялап, қатты шабуылға бастағанын білдірді.

Миструра Асад режимі мен Ресейдің террорды сылтау етіп, Халебке әуе шабуыл жасағанын сынға тартты.  Миструра «200 мыңнан астам адам террорист бола алмайды» деді.

Бұл соғыстың жеңімпазы болмайтынын түсіндірген Мистура «Егер шешім табылмайтын болса, онда ешбір тарап жеңіске жете алмайды және аяғында Сирия халқы үлкен зардап шегеді» деген сөздер қолданды.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да жасаған мәлімдемесінде Халебте үлкен қанды оқиғаның болғанын айтты.

Пан Ги Мун қақтығыстардың соғыс қылмысы шегіне жеткені жөнінде ескерту жасады.

 



Ұқсас жаңалықтар