АҚШ Сауд Арабиясына қару сатуын жалғастырады

Сенат Сауд Арабиясына бір миллиард доллардан астам танк және қару саудасын тоқтататын заңды алып тастады.

575204
АҚШ Сауд Арабиясына қару сатуын жалғастырады

Америка Құрама Штаттарының Сенаты Сауд Арабиясына бір миллиард доллардан астам танк және қару саудасын тоқтататын заңды алып тастады.  Дауысқа салуда 27-ге қарсы 71 қабыл даусы қолданылды.

Шешімге қолдау берген сенаторлар АҚШ-тың Таяу Шығыста террор ұйымы ДАИШ-пен күреске және Иранның бақылауға алынуына мұқтаж одақтастарына қару бермеудің дұрыс болмайтынын алға тартты.

Пентагон 9 тамыз күні Сыртқы істер министрлігінің Сауд Арабиясына 1,15 миллиард долларлық танк, сауытты көлік және басқа да қару сатуды бекіткенін хабарлаған болатын.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменде әуе операцияларын жүргізуде.

БҰҰ деректеріне қарағанда осы операцияларда бүтінге дейін мыңдаған адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар