Жетім балалар Түркияға келді

Балалар Муглада әрі демалады, әрі әлеуметтік-мәдени шараларға қатысады.

573727
Жетім балалар Түркияға келді

Украинада балалар үйінде тұратын 30 бала Түркияға келді.  Бір тур компаниясының «Балаларға әлемді аш» атты жобасы аясында Муглаға келген балаларға Даламан әуежайында қарсы алу рәсімі өткізілді.

Әуежайдың бас директоры Хамди Гүвенч жоба аясында келген украиналық балаларды қонақ қылғандарына қуанышты екенін айтты.

Тур компаниясының директоры Мұстафа Өзден болса Украинада тұратын жетім балалардың шетелге бірінші рет шығып тұрғандарын еске салды. Өзден «Олар үшін 7 күндік тамаша бағдарлама дайындадық» деді.

Компанияның Украинадағы өкілі Юлия Красилникова да жетім балалардың арасынан әсіресме спорт және өнер саласында қабілеті барларын таңдап Түркияға әкелгендерін айтты. 

Балалар Муглада әрі демалады, әрі әлеуметтік-мәдени шараларға қатысады.



Ұқсас жаңалықтар