Босқындар кірмесін деп қабырға салады
Кале портына қабырға салына бастады.
Франция мен Ұлыбританияны бір-бірімен байланыстырып тұрған Кале портына қабырға салына бастады.
Қабырға шамамен 10 мың адам тұратын Кале лагеріндегі босқындардың Ұлыбританияға көлікпен заңсыз кіруінің алдын алу мақсатында салынуда.
Франция және Ұлыбритания лауазым иелері сәуір айында осындай қабырға салу үшін келіскен болатын. Қабырғаның ұзындығы 1 км, биіктігі 4 метр болады.
Кале акиматының хабарына қарағанда қабырға жылдың аяғына дейін салынып бітеді. Порттағы қабырға Ұлыбританияның қаражатына салынады.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.