Атысты уақытша тоқтату келісімі аяқталды

Сирия армиясы 12 қыркүйек күні басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын жариялады.

573428
Атысты уақытша тоқтату келісімі аяқталды

Сирия армиясы 12 қыркүйек күні басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын жариялады.

Сирия армияның мемлекеттің ресми агенттігі SANA-да орын алған мәлімдемесінде Құрбан айтта атыстың уақытша тоқтатуы жөнінде Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасында жасалған келісімінің аяқталғаны білдірілді.

Атысты уақытша тоқтатудың қан төгілудің тоқтатылуы үшін бір орай екені баяндалған мәлімдемеде қарулы топтардың атысты тоқтату келісіміне бойсұнбағаны алға тартылды.

Оппозиционерлердің осы барыста 300 мәрте атысты уақытша тоқтату келісімін бұзғаны баяндалған мәлімдемеде режимнің болса бұларға тойтарыс беруге мәжбүр екені атап өтілді.

Сирия оппозиция және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясы болса, АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижесінде 12 қыркүйек дүйсенбі кеште басталған атысты уақытша тоқтату келісімінің бұзылғанына байланысты жазбаша мәлімдеме жасап, режимнің бір аптада көбі жай халықты нысанаға алған жүзден астам шабуыл ұйымдастырғанын білдірген еді.

Осы барыста халық гуманитарлық жәрдемін күтуде. 


Этикеттер: #Сирия , #АҚШ , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар