Тәуелсіз Сирия армиясы Әл-Баб ауданына қарай бет алды

Түрік қарулы күштері қолдау берген Тәуелсіз Сирия армиясы кеше 6 ауылды террор ұйымынан қайтарды.

567044
Тәуелсіз Сирия армиясы Әл-Баб ауданына қарай бет алды

Сирияда Тәуелсіз Сирия армиясының Түрік қарулы күштерінің қолдауымен ілгерілеуі назарды Әл-Баб аймағына аударды.

Әл-Баб Түркия шекарасының шамамен 30 шақырым оңтүстігінде орын алады.

Желабрустың 60 шақырым оңтүстік батысында Чобанбейдің болса 30 шақырым оңтүстігінде орын алған Әл-Баб ДАИШ-тің бақылауында Халеб қаласының ең үлкен ауданы.

Операция аясында Желабрус-Азез желісін террористік топтардан тазалау Түркияның шекара аймақтарына құлаған снарядтар назарға алынғанда аса маңызды. Бірақ ДАИШ-тің бақылауындағы оқ-дәрінің қашықтығы Желабрус-Азез желісінен аса алатын күшке ие.

Бұл жағдай назарға алынғанда желінің тазалануы Түркияны шекара қауіпсіздігі тұрғысынан қанағаттандырмайды.

Бұл себептен Әл-Бабтың да міндетті түрде террористік топтардан тазалануы қажет.

Кеше тағы 6 ауылды ДАИШ-тен кері қайтарған Тәуелсіз Сирия армиясы жылдам түрде Әл-Бабқа қарай бет алды.

ДАИШ-тің Әл-Бабтан айырылғысы келмеуінің басты себебі ауданның аймақ үшін маңызды бір өнеркәсіп және сауда орталығы болуы.

Сондықтан ұйым Желабрус, Мүнбич және Чобанбейде күшін жоғалтқан соң шегінген содырларын бұл аймаққа қоныстандырды.

Әл-Бабта тек қана ДАИШ террор ұйымы жоқ. ЙПГ террор ұйымының да бұл маңызды ауданда содырлары бар.

ЙПГ-нің негізгі мақсаты аймақта Жерорта теңізіне дейін өз бақылауында бір коридор ашу.

Әл-Бабтың Тәуелсіз Сирия армиясы тарапынан кері қайтарылуы деген сөз террор ұйымдары мен оларға қолдау берген күштердің аймақтағы барлық жоспарларының бұзылуы деген мағынаға келеді.



Ұқсас жаңалықтар