Түркияның шекарасын ДАИШ-тен тазалауы Еуропаны мазалады

«İndependent» газеті ДАИШ-ке мүше еуропалық террористтердің елдеріне оралу ықтималы бар екенін алға тартты.

566248
Түркияның шекарасын ДАИШ-тен тазалауы Еуропаны мазалады

Түркияның «Евфрат қалқаны» операциясымен ДАИШ террор ұйымын бақылауға алуы Еуропада мазасыздық туғызды.

Ағылшын «The Independent» газетінде ұйымда 7 мыңға жуық деп болжалған және Еуропа елдеріне қайта оралу ықтималын туғызған «батыстық жанкешті» тақырыбы Түркия шекарасының бақылауға алынуымен күн тәртіпке келді.

Тақырыппен байланысты жарияланған бір хабарда Ирак пен Сирияда соңғы кездері басып алған жерлерден айырылған ДАИШ террор ұйымына қосылған батыстық мыңдаған террористтің елдеріне қайта оралу ықтималына назар аударды. Газет қауіпсіздік күштерінің бұл ықтималға бола дайындық жасағанын жариялады.

ДАИШ-ке қосылған батыстық террористтерді «бомбаға» ұқсатқан қауіпсіздік лауазымдылары қару қолдану тақырыбында жетік жаттықтырған бұл адамдардың жақында өз елдері үшін үлкен қауіпке айналатынын алға тартты.

Хабарда Сирия соғысы басталған күннен бері 27 мыңнан астам шетелдіктің ұйымға қосылғаны болжалып, осылардың 5 пен 7 мыңының Еуропадан барғаны атап көрсетіледі.

Ағылшын «The Times» газеті алдынғы күнгі нөмірінде ДАИШ-тің Түркия шекараларынан тазалануының ұйымға қосылғысы келген шетелдіктердің бағытын өзгертетініне назар аударған болатын.

Газет Түркия шекарасымен байланысының үзілуінің ДАИШ үшін өте үлкен стратегиялық және символдық төңкеріс екеніне назар аударған болатын.



Ұқсас жаңалықтар