Ресейдің президенті жас, әрі тәжірибелі болуы керек

Путин өзінен кейінгі президент туралы айтты.

565540
Ресейдің президенті жас, әрі тәжірибелі болуы керек

Ресей президенті Владимир Путин өзінен кейін елінің басшысының «жас және тәжірибелі» болуы керектігін айтты.

Үлкен 20 саммиті үшін Қытай Халық Республикасында жүрген Путин 2018 жылы өтетін президенттік сай       лауға байланысты сұрақтарға жауап берді.

Владимир Путин кандидат болатынын айту үшін әлі ерте екенін білдірді және өзінен кейінгі Ресей президентінің «Жас,  бірақ тәжірибелі» болуы керектігін атап көрсетті.

Ресей басшысы қазіргі басымдықтарының Ресейде осы айда өтетін жалпы халықтық сайлау екенін айтып, осы сайлаудан кейін алдарында екі жыл бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар