Мемлекеттік телеарнаға басып кірді

Террор ұйымы PKK жақтастары Австрияның мемлекеттік телеарнасы ORF-ның бас ғимаратына кіріп,  мәлімдеме оқығысы келді.

553154
Мемлекеттік телеарнаға басып кірді

Венада террор ұйымы жақтастары мемлекеттік телеарнаға басып кірді.

Террор ұйымы PKK жақтастары Австрияның мемлекеттік телеарнасы ORF-ның бас ғимаратына кіріп,  мәлімдеме оқығысы келді.

Австрия баспасөзінде орын алған хабарларға қарағанда террор ұйымының 15 жақтасы жұма күні телеарна ғимараты алдында заңсыз акция ұйымдастырды.

Террор ұйымының нышандарын көтерген топ террористтердің басшысы Абдуллах Өджаланның босатылуын талап етті.

Артынан бір топ кісі телеарна ғимаратына басып кірді. Террористтер мәлімдеме мәтінінің оқылуын сұрады, бірақ полиция қызметкерлері оларды сыртқа шығарды.

Заңсыз акция ұйымдастырған осы топ қамауға алынбады.



Ұқсас жаңалықтар