АҚШ Түркия жайлы мәлімдеді

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Түркияның маңызды бір одақтас және дос ел екенін атап көрсетті.

548205
АҚШ Түркия жайлы мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Елизавета Трюдо Түркияның маңызды бір одақтас және дос ел екенін атап айтты.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі күнделікті баспасөз жиналысында Түркияға қатысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Трюдо 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін АҚШ-тан ұйымдастырылғаны жайлы қауесеттермен байланысты «Бұған наразылық көрсеттік, қауесеттер толығымен негізсіз. Жарияланған әр нәрсеге жауап қайтармаймын. Растай алмаймын. Осында ең дұрыс нәрсе демократиялық жолмен сайланған түрік үкіметі мен Түркия халқын қолдағанымыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен шамамен 9 айдың артынан тұңғыш рет Санкт-Петербургте бас қосуы жайлы бір сұраққа Трюдо «Түркия НАТО-ның бір одақтасы, дос және стратегиялық ортағымыз» деді.

Түрік басшыларының Түркияны стратегиялық одақтас ретінде атаған АҚШ-тың төңкеріс әрекетінің артынан қазірге дейін жоғары деңгейде бір сапар ұйымдастырмағанын «өкінішті жағдай» деп қабылданғаны жайлы сұраққа Түркияның маңызды бір одақтас және дос мемлекет екені жауабы қайталанды.



Ұқсас жаңалықтар