Бағдат пен Рамади қалаларында бомбалы шабуылдар жасалды

Шабуылдарда 10 адам қаза тапты, 27 адам жарақат алды.

543333
Бағдат пен Рамади қалаларында бомбалы шабуылдар жасалды

Бағдат пен Рамади қалаларындағы бомбалы шабуылдарда 10 адам қаза тапты, 27 адам жарақат алды.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда Рамади қаласының шығысындағы Әл-Халидийе аймағында әскери көлік кетіп бара жатқан уақытта ДАИШ террор ұйымы жолға орналастырған бомба жарылды. Шабуылда 7 әскер қаза тауып, 13 әскер жарақат алды.

Бағдаттың Ат-Талибиййе аймағындағы өнеркәсіп аумағындағы бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

Бағдаттың Махмудиййе аймағындағы екінші жарылыста болса 1 адамның қаза тапқаны, 9 адамның жараланғаны білдірілді.

Ирактық лауазымдылар шабуылдардың ДАИШ-пен байланысты топтар тарапынан жасалғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар