Фетуллахтың соңғы мектебі АҚШ-та ашылды

Фетуллахшы террор ұйымы АҚШ-тағы ең соңғы мектебін Лас Вегаста ашты.

539533
Фетуллахтың соңғы мектебі АҚШ-та ашылды

Фетуллахшы террор ұйымы АҚШ-тағы ең соңғы мектебін Лас Вегаста ашты.

FETÖ-ның жаңа мектебі АҚШ Әуе күштері Әскери орталығы орналасқан, әлемнің ең үлкен әскери білім беретін Nellis Әуе базасында ісін бастайды.

"Coral Academy of Science Las Vegas"  деген атпен ісін бастайтын мектептің ашылу салтанатында базаның қолбасшысы полковник Уильям Нортон мектептің директоры Ерджан Айдоғанға мектептің кілтін тапсырды.

Шілде айында FETÖ-ға тапсырылған мектеп 22 тамызда жаңа оқу жылын бастайды.

Барған елдерінде алдымен білім саласында іске бастайтын Фетуллахшы террор ұйымының Боснияда 15,  Албанияда 12, Македонияда 7, Косовода 5 және Сербияда бір мектебі бар.

Аталмыш ұйымға жақын мекеме мен компаниялар батыс Балқан елдерінде біліммен қоса көптеген салада жұмыс жасайды.

Осы арада Фетуллахшы террор ұйымының мүшелерінің Мысырда жинала бастағаны және Каир қаласын аймақтық штаб ретінде қолданатындары алға тартылды.

FETÖ-ның араб елдеріндегі қызметкерлерінің Мысырда жасырын жиналыс өткізгендері және осы жиналыста Каирді аймақтық орталық штабы ретінде қолдануға шешім бергендері алға тартылды.

Осы ұйымның Мысырдағы істері 1990 жылдардың ортасынан бастап арта түсті.

FETÖ-ға жақындығымен танымал, араб тілінде шығатын «Хира» журналы Каирде дайындалып, басылады.  Мысырдағы бір фирма арқылы басқа араб елдеріне таратылады.

Каирде FETÖ-ның бір тіл курсы мен Нил атты кітап дүкені бар.

Айырықша Каир, Александрия және Суэцте ағылшын тілінде білім беретін үш жеке меншік мектеппен бірге Земалик аймағында бір мәдениет орталығының да қызмет атқаратыны белгілі.


Этикеттер: #FETÖ , #АҚШ , #мектеп , #мысыр , #Каир

Ұқсас жаңалықтар