Мичигандағы аймақтық сот ғимараты алдында қарулы шабуыл

АҚШ-тың Мичиган штатында аймақтық сотқа қарулы шабуыл жасалды.

527742
Мичигандағы аймақтық сот ғимараты алдында қарулы шабуыл

Америка Құрама Штаттарының Мичиган штатында аймақтық сотқа қарулы шабуыл жасалды. Шабуылда 2 адам қаза тапты.

Берриэн аймақтық соты алдында жергілікті уақытпен сағат 14:30-да қарулы шабуыл жасалды.

Берриэн аймақтық полиция басшысы Паул Байлей оқиғаның артынан мәлімдеме жасап, 2 қызметкердің шабуыл кезінде қаза тапқанын және бір полиция басшысы орынбасарының да жарақат алғанын білдірді.

Жағдайдың бақылауға алынғанын атап айтқан Байлей күдіктінің шыққан қақтығыста өлтірілгенін жариялады.

Байлей шабуылдың себебінің белгісіз екенін мәлімдеді.

Мичиган губернаторы Рик Снайдер болса твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде оқиғамен байланысты жан-жақты тергеу басталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар