Чех Республикасында бір топ адам мұсылман босқындарға қарсы қаруланды

Өздерін «Ұлттық отан сарбаздары» деп атаған топ қарулы 2 мың 500 адамнан тұрады.

528511
Чех Республикасында бір топ адам мұсылман босқындарға қарсы қаруланды

Чех Республикасында мұсылман босқындарға қарсы күрес үшін 2 мың 500 мүшелі қарулы күш құрылғаны алға тартылды.

Күн сайын жарық көретін «Лидове Новиний» (Lidove Noviny) газетінде орын алған бір хабарға қарағанда қарулы топ өзін «Ұлттық отан сарбаздары» деп атайды және ел көлемінде шамамен 90 филиалы мен қаруландырылған 2 мың 500 мүшесі бар екені атап көрсетіледі.

Мұсылман босқындарға қарсы күрес үшін құрылған топтың интернет парақшасында «Отанын қорғау үшін ұлттық қарулы күштер дайын» деген ұран орын алады.

Фейзбук парақшасында да 12 мыңнан астам мүшесі бар топ, елдерінде «түрлі түсті бір әлемді» қаламағандарын атап «Бұл жер Чех Республикасы және осылай қалуға мәжбүр» деп жазылады.

Топтың үш басшысынан бірі ретінде Нела Лискова үкімет қозғалмаған жағдайда азаматтардың өз күшімен күресетінін жариялаған болатын.

Бұрынғы әскери барлау ұйымы төрағасы Андор Сандор болса әскер мен полиция болмаған адамдардың бұл міндеттерді мойнына алуының мүмкін емес екенін атап, топтың қауіпті бір бағыт ұстанғанын мәлімдеді.

Ресми сандық көрсеткіштерге қарағанда босқындардың нысанасы арасында орын алмаған Чех Республикасына өткен жылы мың, биылдың алғашқы 3 айында болса 415 адам саяси паналау үшін арыз берген.



Ұқсас жаңалықтар