Президент қоштасты

Австрияда президент Хайнц Фишер 12 жылдық міндетін Мәжіліс төрағалық кеңесіне тапсырды.

525740
Президент қоштасты

Атазаң соты президенттік сайлауды тоқтатқан Австрияда президент Хайнц Фишер 12 жылдық міндетін Мәжіліс төрағалық кеңесіне тапсырды.

Рәсімде сөз сөйлеген Австрия мәжіліс төрағасы Дорис Бурес Фишердің принциптерге берік болып, елді бейтарап және объективті түрде басқарғанын айтты.

2004 жылдың 8 шілде күнінен бері президенттік міндетін атқарған Фишер де атазаң сотының президенттік сайлауды тоқтату шешіміне қолдау беріп,  Австрияда демократияның негізінің мықты екенін атап көрсетті.

Босқындардың адамгершілік абыройын қорғауға дайын екендерін білдірген Фишер бірақ Австрияның шексіз босқын қабылдай алмайтынын да айтты.

Елде президенттік міндетін жаңа президент сайланғанға дейін Мәжіліс төрағалық кеңесі атқарады.



Ұқсас жаңалықтар