Жолаушы ұшағы қона салып өртенді

Сингапур әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағы әуе жайға жедел түрде қонды.

519258
Жолаушы ұшағы қона салып өртенді

Сингапур әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағында Чанги әуежайына жедел түрде қонған соң өрт шықты.

Италияның Милано қаласына бару үшін ұшқан "Boeing 777-300ER" типі жолаушы ұшағы көтерілгеннен екі сағат өткен соң техникалық себептен Чанги әуежайына кері оралды.

Моторынан жанармай тамғаны себепті Чанги әуежайына қонған ұшақта өрт басталды.

Жолаушы ұшағындағы 222 жолаушы мен 19 адамнан тұратын экипажы эвакуацияланды.

Оқиғада ешкімнің жарақат алмағаны білдірілді.

Чанги әуежайы лауазымдылары өрт сөндіру топтарының ұшақтағы өртті 10 минуттың ішінде сөндіргенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар