Орыс соғыс үшақтары Сирияда қырғын жасады

Орыс ұшақтары Сирияның оңтүстігіндегі Дейр-эз Зур қаласында 35 жан алды.

518404
Орыс соғыс үшақтары Сирияда қырғын жасады

Орыс соғыс ұшақтары Сирияның шығысындағы Дейр-эз Зур қаласына қарасты Әл-Курийе ауданында бір мешіт пен тұрғын аймағын бомбалады. Сорғыш бомбалармен жасалған әуе шабуылында 35 адам қаза тапты, 70 адам жарақат алды.

Қаза тапқандар арасында көптеген әйел мен бала бар. Азаматтық қорғаныс тобы лауазымдылары үйінділер астында қалғандарды іздеу құтқару жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Жаралылар аудандағы ауруханаларға жеткізілгенмен араларында ауыр күйде көптеген адам бар екені хабарланды.

Шабуылда қолданған оқ-дәрінің бұрынғылары режим күштеріне, жаңа қарулар болса орыстарға тиесілі екенін дәлелдейді.



Ұқсас жаңалықтар